Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңы ашылды
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды. Нысан биыл 1 мамырда өткен «Бірлік» қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражатқа салынды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі спорт алаңының ашылуы, барлық өңірді қамтитын ізгі дәстүрдің бастауына айналмақ.
Нұрлан Сыздықов, Астана қаласының триатлон федерациясының вице-президенті:
Сау балаларға арналған жаттығу орындары бар, ал біздің балаларға енді ғана осындай мүмкіндік ашылып отыр. Қаражатты қайда бағыттаймыз дегенде мен осындай алаң салсақ жақсы болар еді деп, ұсыныс айттым. Федерация президенті қолдап, сол алаңды салып беріп отыр. Шынымды айтсам, қатты қуанып отырмын. Қалаға да аз да болса, үлес қосып жатырмыз.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05