Татарстанда Абай орталығы жұмысын жандандырды
Татарстанда Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмысын жандандырды. Орталық аясында хакім мұрасын жан-жақты зерттеу, тіпті Абайтануды білім бағдарламасына енгізу жағы да қарастырылған. Басты мақсат – Абай шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттауымыз керек, дейді мамандар. Бүгінгі күні ұлы ақынның шығармалары татар тіліне кеңінен аударылуда. Енді екі тарап бірлесіп ғылыми жұмыстарды қолға алады. Сонымен қатар студенттер де Абай шығармаларын зерттеуге ден қоймақ.
Гюнель Азизова, студент:
Абай біз үшін ұлы ақын. Әсіресе жастарға өсиеті, оның қара сөздері жүрекке жақын. Сондықтан алдағы уақытта түрік халықтарының әдебиеті, Абай мұрасын зерттеуге ерекше көңіл бөлмекпін. Қазір орталықтың ішінде Абайдың кітаптарын оқып, қара сөздерін жаттап жүрмін.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05