«Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны қалыптасады
«Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярланып жатыр. Президенттік жастар кадрлық резерві тәжірибесіне негізделген бұл жоба 2023 жылдан басталған. Бүгінде арнайы оқытудан өткен мыңдаған педагогтың 583-і республикалық кадрлық резервке іліккен. Олардың 397-сі конкурстан тыс негізде басшылық қызметке тағайындалды. Тек 2024 жылдың өзінде 36 резерв мүшесі жаңа үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған білім ұяларының директоры болған. Жалпы, жоба арқылы министрлік мектептерде жаңа басқару мәдениетін қалыптастырамыз деп отыр.
Жұлдыз Елубаева, Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің бас сарапшысы:
Бірінші - психометриялық тестілеу, екінші - үш деңгейлі оқыту және тағылымдама, жалпы бағалау болады. Конкурстық комиссиямен сұқбаттасу болады. Директор лауазымы үшін келесі талаптар қойылады - 5 жылдан кем емес еңбек өтілі. Оның ішінде 2 жыл үздіксіз, 2 жыл директор орынбасары болуы тиіс және сарапшы біліктілік санатынан кем емес педагог қатыса алады.
Алдияр Айтпай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05