Трамп пен Путин Аляска штатындағы әскери базада кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Путин Аляска штатындағы әскери базада кездеседі

13.08.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин жұма күні Американың Аляска штатының Анкоридж қаласындағы әскери базада кездесетін болды. Мұны «CNN» телекомпаниясы мен «Нью-Йорк Таймс» газеті хабарлап отыр.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы – Украинада үш жарым жылдан бері жалғасып жатқан соғысты тоқтату. Трамп дүйсенбі күні мәлімдегендей, Украина бейбітшілік үшін Ресейге жер беруі керек. Мұндай позицияға Киев пен оның еуропалық одақтастары үзілді-кесілді қарсы.

Тағы бір айта кететін жайт, бүгін Еуропа елдерінің лидерлері мен президент Владимир Зеленский Трамппен онлайн-байланысқа шығып, Құрама Штаттар басшысын ымыра үшін Украинаның мүддесін сатпауға шақырмақ.

Дегенмен Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлағандай, тамыздың 15-де Трамп пен Путин бір-бірінің позициясын тыңдау үшін ғана бетпе-бет жүздесейін деп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу