Қарқаралыда демалыс орындары көбейеді
Қарқаралыда демалыс орындары көбейеді. «Қарағанды-Бұғаз» бағытында жол жөнделгелі өңірге ат басын бұратындар артқан. Тек былтыр 32 мың турист демалды. Қазір мұнда 40-қа жуық демалыс орны бар. Олар бір мезетте 2 жарым мың адамды ғана қабылдай алады. Сондықтан алдағы уақытта жаңа қонақүй, дәмханалар салынады. Қоғамдық кеңес мүшелері сол аумақта электр желілері, кәріз жүйелерінің бар-жоғын тексерді.
Нұрлыбек Ілдебаев, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы:
Келесі жылы аймақ 18 жер учаскесіне бөлініп, аукцион арқылы беріледі. Инфрақұрылымдық-инженерлік жұмыстар биыл басталды. Кәріз, су және электр жүйелері тартылып жатыр. Жобаның жалпы құны – 4,5 миллиард теңге.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17