Ақтөбеде «Абай күні» фестивалі өтті. Бұл шара 4 тақырыптық алаңда ұйымдастырылды.
Жиналғандар алдымен ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті. Одан кейін Абай Құнанбайұлының өмір кезеңдері баяндалатын қойылымды тамашалады. Бала Абай мен дана Абайдың бейнесін сомдаған әртістер өздеріне артылған жауапкершілікті барынша сезіне білді. Концерттік бағдарлама барысында «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» секілді әндер орындалды. Ал ғалымдар мен әдебиеттанушылар жастарға ақын шығармаларынан ғибрат алу қажеттігін айтты.
Нұрдәулет Алдашев, филология ғылымдарының кандидаты, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы:
Абайдың кез келген өлеңін оқысақ, біз одан ғақлиялық, үлкен бір кәусар бұлақтай нәр аламыз. Яғни, осы арқылы Абайдың қай уақытта да қазақ халқының шамшырағы, темірқазығы болып қала беретінін көреміз. Біз Абайды тану арқылы қазақ халқын танимыз.
Фестиваль аясында ұлттық ойындар, этношеберлік сабақтары мен викториналар ұйымдастырылды. «Даналық пен даралық» деп аталатын алаңда өлең оқу сайыстары және «Абайтану ғылымы» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесі өтті. Сондай-ақ ашық микрофон ұйымдастырылып, келушілер Абай әндерін шырқады. Қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқыды.
Шарапат Нұрымбетова, оқушы:
Досты қайдан табасың?Кеңесерге адам жоқ.Әрлі-берлі шабасың,Жалғыздықтан жаман жоқ.Ақыл айтсаң біреуге,Ішің еріп, егіліп.Ұялмас ақы тілеугеБермесең, қалар түңіліп.
Жақсыбек Кемал
