Елімізде 580 мың га алқапта су үнемдеу технологиясы қолданылады
Қазақстанда су үнемдеу технологиясын пайдаланатын алқаптың көлемі 580 мың гектардан асты. Мұндай ақпаратты Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі таратты. Ведомство жыл сайын 150 мың гектар жерге заманауи суару жүйелерін енгізуге міндеттелген. Мысалы, былтыр 158 мың гектар алқап осындай технологияға көшірілген еді. Сонда өткен жылдың қорытындысында 470 мың гектар жер суды ысырап қылмай суаратын болған. Осылайша 2030 жылға дейін жылына 2,2 млрд текше метр суды үнемдеу көзделіп отыр. Ол үшін фермерлердің технологияны сатып алып, орнатуға кеткен шығынын мемлекет өтеп бермек. Қазір өтемақы мөлшері 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылған. Тариф құны да субсидияланады.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21
Маңғыстау теміржол вокзалы пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:15
The New York Times: АҚШ пен Израиль Иранға соққы беруге дайындалып жатыр
23.10.2026, 20:12