Қостанайда «Абай аманаты» атты әдеби бенефис өтті
Қостанайда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби бенефис өтті. Тарихшы, заңгер сынды түрлі саланың мамандары оқушылармен ашық алаңда шығармаларын бірге талқылады. Ойшылдың рухани мұрасын дәріптеп, бүгінгі маңызын атап өтті. Сондай-ақ оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, салған суреттерін келген қонақтардың назарына ұсынды, күмбірлеген күйден де шашу шашты.
Нұрбек Керичев, Рудный қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы:
Абай Құнанбаев атамызды көбіне қазақ халқы ақын ретінде таниды. Бірақ көбі біле бермейді, ол кісі композитор да, күйші де болған. Әндерінен басқа күйлері де бар. Соның бірі – Торжорға. Ол Жетісу өңірінен сый ретінде келген жылқының аты. Ол туралы М.Әуезовтың «Абай жолы» романында суреттелген.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05