Сербиялықтар Абайдың әнін шырқап, қара сөздерін оқыды
Абайдың 180 жылдық мерейтойын Сербиялықтар да атап өтіп жатыр. Белград тұрғындары Сава өзенінің жағасында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін қазақ тілінде шырқады.
Ел тұрғындары, қоғам қайраткерлері, жазушылар, Сербия Парламентінің депутаттары барша қазақстандықтарды мерейтоймен құттықтап жатыр. Әлемдік деңгейдегі кемеңгерге құрмет ретінде сербиялықтар Абайдың серб тіліне аударылған шығармаларын оқып, әлеуметтік желіде бөлісуде.
Александр Котрич, Сербия Парламентінің депутаты:
Ағылшындар үшін Шекспир, немістерге Гете, сербтер үшін Вук Караджич сынды Абай да қазақ халқының ұлы перзенті. Ол Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырды. Ұлы ойшылдың қазақ мәдениетіндегі рөлі орасан. Сондықтан баршаңызды Абайдың 180 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04