Ұлт руханиятының темірқазығы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ұлт руханиятының темірқазығы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні

Ұлт руханиятының темірқазығы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні

Ұлттық арнаның көшпелі студиясы — ұлы тойдың төрінен, Абайдың туған жері Қарауылдан тікелей эфирге шығып тұр.

Бүгін — дана халқымыздың мақтанышы, ұлт руханиятының темірқазығы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні.

Сондықтан Шыңғыстаудың баурайы, Қарауылдың төрі — нағыз тойдың ордасы болып тұр.

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай бұл жерге 180 киіз үй тігіліп, қазақтың қонақжай дәстүрі айшықталып жатыр.

Киіз үйлердің әрқайсысы – тарих пен салт-дәстүрдің айнасы, ал орталық алаңда үлкен сахнада бала Абайдан дана Абайға дейінгі өмір жолын қамтитын тағылымды қойылым қойылады.

Дала төсін дүбірге бөлеген бәйге де тойдың сәнін кіргізбек. Ер қанаты – ат, жүйріктің тізгініне қонған шабандоздар жүлде үшін ғана емес, ел мерейін асыру үшін бақ сынайды.

Міне, алты Алаштан Қарауылға келген халық осындай тамаша той-думанның куәсі болады. Жалпы, 30 мыңнан астам адам қатыспақ. Олардың арасында 15 елден делегация, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, өнер өкілдері және БАҚ өкілдері бар.

Альбина Әшім


Бөлісу