Орталық Азиядағы алғашқы әлеуметтік инновациялық хаб ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азиядағы алғашқы әлеуметтік инновациялық хаб ашылды

09.08.2025

Елордада Орталық Азиядағы алғашқы әлеуметтік инновациялар хабы ашылды. Жоба әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып, инклюзия құндылықтарын ілгерілетуге және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған. Дәлірек айтсақ хабтың көмегімен әлеуметтік кәсіпкерлер білім алып, менторлық және инфрақұрылымдық қолдауға ие болады. Сондай-ақ өнімдерін ірі, тіпті халықаралық нарықтарға шығара алады. Жоба авторлары бариста мамандығын оқыту курсын ашқан. Демек мүгедектігі бар жандар қоғамдық тамақтану орындарына жұмысқа орналаса алады. Оған қоса әлеуметтік осал топқа жататындар мен кәсіпкерлерді оқытуға арналған білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы қарастырылған. Ал видео студия да бар. Ол әлеуметтік кәсіпкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өнімдерін жарнамалауға мүмкіндік береді.

Эмин Аскеров, Social Innovation Hub төрағасы:

Біз бұған дейін әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға атсалыстық. Енді оларды оқытып, маман даярлауға да кірістік. Social Innovation Hub аясында азаматтарға сегіз түрлі қызмет көрсетіледі: оқытудан бастап, өнімін сатуға дейін бағыт-бағдар беріп, барынша қолдау жасаймыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу