Сарапшы: Қазақстанның халықаралық бастамалары әлем үшін маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Қазақстанның халықаралық бастамалары әлем үшін маңызды

08.08.2025

Қазақстан көтерген халықаралық бастамалар өңір елдері үшін ғана емес, әлем үшін маңызды. Алматыдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб пәтерін ашуға Антонио Гутерриштің арнайы келуі осының дәлелі. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, мұндай бастамалар еліміздің имиджін көтеріп, абырой-беделін өсіре түседі. Бұл кейінгі ұсыныстарының қолдау табуына, елге инвестиция тартуға ерекше әсер етеді. Жалпы, Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік штабының ашылуы — Қазақстанның халықаралық бастамаларының заңды жалғасы. Бұл қадам еліміздің ядролық қарудан бас тартуы мен жаһандық диалог алаңдарын ұсыну сияқты бастамаларымен үндесіп жатыр. Сонымен қатар Қазақстанның дипломатиялық белсенділігін жаңа деңгейге көтеріп, өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа қосқан үлесін айқын көрсетеді.

Алтынгүл Өтебаева, Экономикалық зерттеулер институтының орнықты даму мақсаттары бойынша хатшылығы директорының орынбасары:

Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік орталығын ашу бастамасын Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет 2019 жылы көтерген. Енді бұл жерде Орталық Азия елдері күш біріктіріп, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік бағыттағы ірі бастамаларды қолға ала алады. Яғни, Қазақстан көтерген бастама елімізге ғана емес тұтас өңір үшін маңызды болып отыр. Көп ұзамай нәтижелерін көре бастайтынымызға сенімдімін.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу