Қарағандыда салық заңнамасындағы өзгерістер туралы семинар өтті
Жаңа Салық кодексінде бірыңғай жер салығы болмайды және жекелеген төлемдер бойынша мөлшерлемелер мен алымдар саны кеміді. Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар, бизнесін дамытқан тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейді. Әрі олар әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді төлегенмен, жеке табыс салығынан босатылды. Құжаттағы осы өзгерістерді Қаржы министрлігінің өкілдері Қарағандыда өткен семинарда кәсіпкерлер мен осы саланың қызметкерлеріне түсіндірді. Мамандардың айтуынша, қаржылық ұйымдарға жоспарлы тексерулер енді жүргізілмейді. Тек жоспардан тыс тексерулер болады.
Айнұр Сартаева, Мемлекеттік кірістер комитеті ҚҚС Әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары:
Заңды бекіткеннен кейін оны орындамасақ тәртіп болмайды. Сол секілді Салық кодексі де біздің еліміздің бюджетін толықтыруға бағытталған, яғни еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге бағытталған бірден-бір заң кодексі болып табылады. Сондықтан біраз жеңілдетілген нормалар да болды, кейбір жерде дұрыс емес салық жеңілдіктері алынып тасталды. Және біз айта аламыз кейбір салық төлеушілерге қатысты салық мөлшерлемелері көбейтілді.
Нұргүл Ахметова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05