Астанада кітапханашылар арасында жыр мүшәйрасы өтті
Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, кітапханашылар мен осы салада қызмет ететін ақындар арасында республикалық жыр мүшайрасы өтті. Мұндай шара елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға қатысу үшін 100-ге жуық үміткер өтінім берген. Ереже бойынша әрқайсы 2 тақырып бойынша өздері шығарған өлеңдерін жіберген. Бірі – Абай шығармашылығына арналса, екіншісі – кітапханашы мамандығы туралы. Жыр додасының қорытындысы бүгін жарияланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың туындылары «Абайдың алып айдыны» атты жинаққа енген. Марапаттау кешінде осы кітаптың да тұсаукесері өтті.
Аслан Ғафуров, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми хатшысы:
Іріктеуден өткен туындылар кеше қазылар алқасымен қорытындыланды. Қатысушылардың барлығына арнайы Алғыс хаттар табысталады. Сонымен бірге жеңімпаздар мен жүлдегерлер Абайдың 180 жылдық мерейтойлық медалімен, қаржылай сыйлықтармен марпатталады. Бұл жоба болашақта жалғасын табады деп ойлаймыз. Демеушілік етіп жатқан – Халықаралық Абай қоры.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандар марапатталды
24.10.2025, 20:34
Абай облысында ел дамуына үлес қосқандар марапатталды
24.10.2025, 20:30
АҚШ пен Кариб аймағы елдері арасында шиеленіс күшейе түсті
24.10.2025, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
24.10.2025, 20:30
Медициналық туризм. Қазақстанның әлеуеті қандай?
24.10.2025, 20:30
Медицина қызметкерлері марапатталды
24.10.2025, 20:30
64 маман үздік педагог атанды
24.10.2025, 20:30
Ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
24.10.2025, 20:30