Павлодарда «Жас еңбеккер-ел үміті» атты форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Жас еңбеккер-ел үміті» атты форум өтті

07.08.2025

Павлодарда «Жас еңбеккер-ел үміті» атты Республикалық форум өтті. Шара негізінен Жұмысшы мамандықтар және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдстырылған. Ал Павлодарда өткізілуі кездейсоқтық емес.

Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

Биыл Ассамблея тарапынан жұмысшы мамандықтарға қатысты ауқымды шаралар қолға алынуда. Соның ішінде Павлодар өңірінде ерекше атап өтерлік жоба бар. Мұнда Ассамблея мүшелерінің қатысуымен жас мамандарды жұмысшы мамандықтарға баулу, табыс табуға және тиімді еңбек етуге үйрету бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда.

Республикалық форумның Павлодарда өткізілуі кездейсоқтық емес. Себебі, өндіріс өркен жайған Ертіс-Баян өңірі жұмысшылар ордасы деп саналады. Бұл жақта жастар еңбекке ерте бастан араласады. Еркебұлан Тіленіш Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылынан.11-сыныпта оқиды. Қазір 20-ға тарта құрбыларымен бірге құрылыста жұмыс істейді.

Еркебұлан Тіленіш, 11-сынып оқушысы:

Біз оқушы болғандықтан, көбіне жеңіл жұмыстарды атқарамыз. Әдетте құрылысшыларға қажет заттарды тасимыз. Достарыммен бірге жұмыс істегендіктен, бәрін ойдағыдай орындап шықтық.

Жұмысқа ынтасы бар жастар үшін Павлодардағы кәсіпорындардың есігі ашық. Қазір трамвай басқармасындағы еңбекерлердің 60 пайызы 35 жасқа дейінгі азаматтар. Бүгіннен бастап осы кәсіпорынға тиесілі қоғамдық көліктерге мінген жолаушылар Абайдың «Қара сөздері» аудиожинағын тыңдайтын болады. Бұл ұлы ойшылдың 180 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен іске асқан жоба.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу