Астанадағы автобус апаты: Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Астанада 2 маусым күні бағанға соғылған автобус жүргізушісі жазаға тартылмайды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ол «Рақымшылық туралы» заң негізінде қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш білдірген. Енді сотталмайды, дегенмен «қылмыстық іске тартылды» деп есептеледі. Еске салсақ, маусымда болған автобус апатынан 15 адам жарақат алған еді. Ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 8 жасар Алуа Бекеннің аяғына ампутация жасалды. Полиция департаменті сол кезде «жүргізуші көлікті басқара алмай қалды» деп ақпарат таратты. Рақымшылық жасалмаған жағдайда айыпталушы 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17