Оқушылар арасында буллинг 1,5 пайызға азайды
Елімізде оқушылар арасында буллинг 1,5 пайызға азайған. «Заң және тәртіп» жобасы аясында жүргізілген сауалнама нәтижесі осыны көрсеткен. Оған 9 өңірден 50-ден аса мектеп, 70 мыңға жуық оқушы қатысқан. Мұндай зерттеулер жас буынның құқығын білуге, заң жүзіндегі білімін жүйелеуге көмектеседі,-дейді мамандар. Педагогтердің айтуынша, жасөспірімнің қалыптасуы кезеңінде әлеуметтік ынтымақтастықты орнату, қоғаммен байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлу керек.
Аскелен Сатыбалдиев, прокуратура органдарының отставкадағы қызметкері:
Негізінде оқушылар 24 сағаттың 18 сағатын үйінде өткізеді. Сондықтан ата-аналардың жауапкершілігі мол. Балаларды тәрбиелеу жұмысына аса көңіл бөлу керек. Мұндай жастарға тәрбие жұмыстарын жүргізетін болсақ, ол оң жолға түсуі мүмкін. Ол үшін мектептерде өткізілетін құқықтық тәрбие сабақтарын жетілдіру қажет.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15