Атырауда 40 млн теңге жымқырған алаяқ сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 40 млн теңге жымқырған алаяқ сотталды

07.08.2025

Атырауда 40 миллион теңге жымқырған алаяқ 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 26 жастағы ер адам техника сататын компанияда жұмыс істеп, әлеуметтік желіге жарнамаларын орналастырған. Тапсырыс берушіге алдын-ала төлем жасатып, кейін сол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Ал Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтарға алданып, 22 миллион теңгесінен айрылды. Полицияның мәліметінше, жәбірленушіге өзі жұмыс істейтін кәсіпорын басшысының атынан хабарлама келген.

Онда мемекеге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен тексеріс келіп жатқаны айтылған. Сондай-ақ мамандардың әйелдің өзімен де байланысатыны көрсетілген. Кейін өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалып, банк шоттарын алаяқтар пайдаланып жүргенін айтып сендірген. Алдын алу үшін нұсқауларды орындау қажеттігін ескертеді. Алаяқтардың сөзіне сенген әйел екі бөлмелі пәтерін сатып, банктерден онлайн несие рәсімдеген. Сондай-ақ депозитіндегі 1 миллион теңгені белгісіз банк карталарының шоттарына аударған.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу