Елімізде ЭЦҚ алу тәртібі өзгереді
Енді электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн форматта ғана ала аласыз. Мұндай өзгеріс 11 тамыз, яғни дүйсенбіде күшіне енеді. Цифрлық даму министрлігінің ақпаратынша, бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыруға, сондай-ақ жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал егер электронды цифрлық қолтанбаны алу тәртібін түсінбей жатсаңыз, халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгіне аласыз.
Жұлдызай Жарылқасын, ҚР ЦДИАӨ министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ашық кілттер департаментінің жетекші менеджері:
Халыққа қызмет көрсету орталығы операторы арқылы ЭЦҚ алу тек бір жағдайда мүмкін. Егер адам 5 рет биометриядан өте алмаса, егер құрылғыңызда камера болмаса немесе ЭЦҚ алудың жолын білгіңіз келсе, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында ЭЦҚ рәсімдей аласыз.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05