Алматы әуежайының Орталық Азиядағы жүктемесі жоғары. Енді Халықаралық әуежайда ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы аэропорт инфрақұрылымын таныстыру кезінде белгілі болды. Құрылыс 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілмек. Жобаның алғашқы кезеңінде 362 миллион АҚШ доллары көлеміне инвестиция құйылады. Жоспар бойынша жаңа ұшу-қону жолақтарын салынып, ішкі рейстер терминалын жөнделеді сонымен қатар көпдеңгейлі автотұрақ пен қонақүй салынбақ. Әуежай аумағында медициналық және оқу орталықтары да ашылады, оның ішінде авиация мамандарын даярлайтын аккредиттелген академия болады. Бұл бастама жекеменшік инвестициялар мен несиелер есебінен жүзеге асырылады, дейді Алматы Халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе.
Гокер Косе, Алматы Халықаралық әуежайының президенті:Жоба өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосады деп үміттенеміз. Біз тек терминалдарды жаңартып жатқан жоқпыз – біз тұтас бір экожүйе қалыптастырып жатырмыз. Логистикалық және индустриялық хаб, шудан қорғау жобалары, жаңа жұмыс орындары, әуе тасымалдаушылар мен жолаушылар үшін заманауи жағдайлар жасалмақ. Бұл қарқын бәсеңдемеуі тиіс.
Айдана Қуантхан
