Енді қант диабетіне шалдыққандар дәріні тек МӘМС арқылы алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді қант диабетіне шалдыққандар дәріні тек МӘМС арқылы алады

06.08.2025

Қан диабетімен ауыратындар енді дәрі-дәрмекті тек МӘМС арқылы алады. Денсаулық сақтау министрлігі сырқаттың аталған түрін МӘМС жүйесі арқылы ғана қаржыландыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда қант диабетіне шалдыққандардың 95%-ы сақтандырылған. Олардың қатарына балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар да кіреді. Бұл пациенттер үшін медициналық көмек пен тегін берілетін дәрілік заттарға ешқандай шектеу жоқ.

Ләззат Шоманова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры:

Олардың 95 пайызында сақтандырылған мәртебесі бар. Қалған 1,5 мың адамның сақтандыру мәртебесі жоқ. Егер осы адамдар жұмыс істесе, онда жарна төлеуі керек. Жұмыссыз болса, еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркеліп, жеңілдік алатын санатқа кіруі керек. Сонымен қатар, олар әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық (Д) және төмен (Е) деңгейлеріне жатса, өз санаттарын анықтап алғаны жөн. Бұл тұрғыда 2026 жылы болатын өзгерістерге дайындалуы тиіс.

Келер жылы МӘМС жүйесіне тағы 1 млн-ға жуық адамды қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ 2027 жылдан бастап МӘМС-ке мемлекет жарналарының мөлшерлемесін біртіндеп арттыру жоспарланған. Оның мөлшері 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін өседі. Бұл денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 2,8 трлн теңге қаражат түсуін қамтамасыз етеді, дейді министрлік өкілдері.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу