Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
Қостанай облысының Амангелді ауданындағы тарихи ескерткіш – «Ұлттық жады қабырғасы» World Book of Records кітабына енді. Бұл марапат мәдени мұра мен рухани құндылықты дәріптейтін жобаларды халықаралық деңгейде танып, құрмет көрсету мақсатында беріледі.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Бұл – «Ұлттық жады қабырғасы» деп аталатын тарихи ескерткіш. Мұнда 200-ден астам айтулы тұлғаның есімі тақтаға таңбаланған. Әлемнің 46 елі мен Қазақстан аумағынан бабаларымыздың бір уыс сүйек топырағы арнайы әкелініп, осы жерде капсулалар да сақтаулы тұр.
Сапар Ысқақұлы, жоба авторы:
2016 жылы Алтайдан бастадық. Себебі түркі халықтарының шыққан жері – Алтай. Содан 6 жыл дүниежүзін араладық: Еуропа, Азия, Африка, Америка. Сондағы мақсатымыз – бабаларымыздың тұлпарының тұяғы қай жерге дейін жетті екен, қандай із қалдырды екен деген оймен жүрдім.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Жобаның мақсаты – ұлттың тарихи жадысын жаңғыртып, тұлғаларға тағзым ету. Бұл нысан бірегей әрі әлемдік деңгейде теңдесі жоқ мемориал саналады. Бүгінгі салтанатты рәсімге халықаралық ұйымның ресми өкілдері мен қоғам қайраткерлері де келді.
Қуандық Құдайбергенов, «World Book of Records» халықаралық ұйымының ресми өкілі:
Бұл мемориалдық кешеннің ерекшелігі – 2,5 мың жылдан асқан замандардағы зираттардан 42 елден алынған деректерге негізделуі. Біздің халықаралық деңгейдегі сарапшылар деректі фильмдер мен барлық құжаттарды тексергеннен кейін осындай шешім қабылданды. Хаттамаға қол қойдық.
Аманжол Күзембайұлы, тарих ғылымдарының докторы:
Тарихи санасыз халықтың сапасы болмайды. Тарихи сана – қазақтың патриоттық сезімін қалыптастыратын дүние. Халқына еңбегі сіңген тұлғалар болды. Біз оларды біле бермейміз. Ескерткіштер – үлкен тәрбиелік мәні бар дүние.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Ескерткіш Арқалық–Торғай тас жолының бойындағы туристік кешеннің аумағында орналасқан. Мұнда бұдан бөлек, әлемнің жеті кереметі сынды ежелгі сәулет ескерткіштері мен қонақүй, дәмхана тәрізді көпшілікке қызмет көрсететін орындар да бар.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04