Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
Биыл алғаш рет болашақ аналарға арналған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды. Мұны бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. Аталған бағдарлама әйелдерді 12 түрлі зерттеуден өткізу және жүктілікке дайындауды мақсат етеді. Ол үшін 5,1 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ елімізде алғаш рет «Феталды медицина» жаңа технологиясы енгізіліп, жатырішілік 71 ота жасалып, нәтижесінде 96 нәрестенің өмірін сақтап қалған. Айта кету керек, бүгін де Қазақстанда ана мен бала өлімі 6 есеге төмендеген. Премьер-министр бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек деді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысы заманауи перенаталдық орталықтардың құрылысын жалғастыруды тапсырды. Ағымдағы жылдың бірінші қарашасына дейін барлық қажетті құжаттаманы дайындауды аяқтап, Шымкент пен Қарағандыда осындай орталықтардың құрылысын бастау қажет. Әйелдерді жүктілікке дайындауға, ауруларды уақытылы диагностикалау мен сауықтыруға арналған «Аналар саулығы» бағдарламасын сапалы әрі барлық өңірде іске асыру керек. Елдің орталығынан шалғайдағы ауылдарға дейін барлық тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуын қамтамасыз ету қажет.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама аясында дәстүріміз дәріптелді
16.03.2026, 20:59
Ұлттық қолөнер - ұлттық бренд
16.03.2026, 20:56
Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды
16.03.2026, 20:49
Паралимпиада: Спортшыларымыз жарысты екі медальмен аяқтады
16.03.2026, 20:46
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты үндеу жасады
16.03.2026, 20:17
Референдум – демократияның жарқын көрінісі
16.03.2026, 20:14
Конституциялық реформаға сарапшы пікір білдірді
16.03.2026, 20:13
Сарапшылар: Жаңа Конституция адам капиталын дамытуға ықпал жасайды
16.03.2026, 20:11