Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
Абайдың 180 жылдығына арнайы келген Ұлттық арнаның көшпелі студиясы жұмысын бастады. Дәл қазір біз тұрған жер Абай музейі маңы. Бұған дейін этноауылдан қосылған едік. Ал Абай музейі Семей қаласында орналасқан. Бүгін мерейтойлық шаралардың онкүндігінің бесінші күні. Түске дейін Ұлттық киімдердің сән көрсетілімі болды. Қазақ күресінен республикалық жарыс басталды.
Ал қазір Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» атты моноопера аяқталды. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахмардан Әбіловтің туындысы көпшіліктің көңілінен шықты.
Ернұр Медет, тілші:
«Ой толғау – Хәкім Абай» атты моноопера жаңа шамемен 10 минут бұрын ғана аяқталды. Бұл — ұлы ақынның ішкі әлеміне терең бойлайтын музыкалық шығарма. Абай бейнесі бір вокалистің орындауында көркем өріледі. Тұлғаның философиялық терең толғаныстары музыка арқылы бейнеленеді. 1945 жылы ұлы ағартушының 100 жылдығына орай Қазақ ұлттық опера және балет театрына Абай есімі берілген еді. Енді 180 жылдық мерейтой қарсаңында туған өлкесінде ерекше моноопера қойылып жатыр.
Шахмардан Әбілов, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Ақынның баға жетпес мұрасын ұғындыру, дәріптеу біздің азаматтық парызымыз. Ұлтымыздың санасын жаңғыртуға зор еңбек еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуіміз керек. Осында 80 шумақ Абайдың монологы мен 11 Абайдың өлеңі кетеді. Осыны бүкіл әлемдік деңгейде шырқаймыз.
Ернұр Медет, тілші:
Көпшілік туындыны ыстық ықыласпен қабылдап, кейбірінің көзінен жас та шығып жатты. Кеш көрерменге Абайды тек тарихи тұлға ретінде емес, тірі рухани құбылыс ретінде сезіндіріп, терең ойға жетеледі.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05