Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: жүлде қоры еселене түседі
Ертең Ұлы Абайдың 180 жылдығы аясында «Өлең сөздің патшасы» атты мүшәйра өтеді. Оған еліміздің әр өңірінен келген 12 үздік жас ақын қатысады. 7-8 тамызда спорттық марафондар, шығармашылық кештер, республикалық байқаулар жоспарланған. Ал мерейтойдағы ең ауқымды іс-шаралар 9-10 тамызда ойшылдың кіндік қаны тамған Қарауылда өтеді. Атап айтсақ, бірнеше кітаптың тұсаукесерінен бастап ғылыми-практикалық конференциялар, ұлттық спорт ойындары мен гала-концерт өтпек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, онкүндіктің соңғы күндері жүлде қоры да ауқымды болмақ.
Олжас Соғымбай, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:
Биыл байқау қатысушыларына ерекше сый ретінде жүлде қорларын жылқы басымен беріп отырмыз. Абай атамыздың ең сүйікті ойыны – тоғызқұмалақ та биыл алғаш рет республикалық турнир ретінде ұйымдастырылды. Ол жерде бас бәйгеге автокөлік тіктік.
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05