Президент Талғат Мұсабаевтың жақындарына көңіл айтты
Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаев өмірден өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкердің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты. Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19
Елімізде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:18
Астанада «Əділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады
14.06.2026, 12:17
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05