Қызылорда облысында Абайдың бір ғасыр бұрын басылған өлеңдер жинағы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында Абайдың бір ғасыр бұрын басылған өлеңдер жинағы табылды

02.08.2025

Қызылордада хәкім Абайдың осыдан бір ғасыр бұрын басылған өлеңдер жинағы табылды. Ескі араб алфавитімен жазылған көне кітап облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұр.

Ғалымдардың сөзінше, Абай дүние салған соң, яғни 1909 жылы Кәкітай Ысқақұлының бастамасымен ақынның алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Ал 1922 жылы «Қазан» баспасында басылған жинақ тұңғыш кітаптың толықтырылған нұсқасы. Мұны 1982 жылы Мыңата Қалдыбаев деген кісі музейге сыйға тартқан. Төте жазуды ешкім оқи алмаған соң, беріге дейін архивте шаң басып жатқан көрінеді. Көне қолжазба жинағы 13 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге өзіндік атау беріліп, ақынның өлеңдер топтамасы жазылған. Өлкетанушы Жұмабай Байзақұлы бір ай шамасында кітапты тәржімалап, жуырда заманауи үлгіде қайтадан басып шығарды.

Жұмабай Байзақұлы, өлкетанушы:

Бұл кітаптың алдыңғы және соңғы беттері жыртылған. 39-беттен бастап «Мағзұт» поэмасы сақталған. Кітап негізінен 13 бөлімнен тұрады. Ол бөлімдерде ақынның өзі туралы, халық жайлы, жыл мезгілдері секілді тақырыптар қамтылған. Соңғы бөлімінде орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крыловтан аудармалары берілген. Бұл жинақтың өзгешелігі – мұнда Абайдың қара сөздері жоқ.

Қозы Көрпеш Жасаралұлы

Хабарламаларға жазылу