Ақтауда ірі кәсіпорындар жаңа технологияларды енгізуі қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ірі кәсіпорындар жаңа технологияларды енгізуі қажет

02.08.2025

Ақтауда экологтар мен ғалымдар басқосып, аймақтың экологиялық мәселелерін оларды шешу жолдарын талқылады.

Тараптар өңір үшін аса маңызды - тұрмыстық қатты қалдықтарды жою, ағын суларды тазарту, тұщы судың тапшылығы, атмосфераның ластануы, топырақтың деградациясы және шөлейттенген аумақтарды көгалдандыру мәселелерін қарастырды. Стартап жобалар таныстырылды. Мамандар жаңа Экологиялық кодекстің ережелерін түсіндірді. Соған сәйкес, 40-50 жылдық тарихы бар ірі кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянын мейлінше азайтып, өндіріске озық технологияларды енгізу керектігі баса айтылды. Шара экология министрілігіне қарасты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Армат Жүсіпқалиев, Маңғыстау облыстық Экология департаментінің басшысы:

Қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттер жаңа технологияларды енгізіп, қоршаған ортаның, ауаның және жердің ластануын азайту үшін заманауи қондырғылар орнатып жатыр. Бұл шараны қызықты әрі өзекті деп ойлаймын. Өндіріс мекемелерінің шығыны аз болса, ауамыз да таза, суымыз да таза болады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу