Экологиялық мәдениетті сақтау мен қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану – адам өмірін сақтаудың маңызды алғышарты. Бүгін Қонаев қаласында қоғамдық кеңес мүшелері туристік орындар мен демалыс аймақтарын аралап, экологиялық бақылау жұмысын жүргізді. Мақсат – табиғи аумақтардағы тазалық пен экологиялық ахуалды бақылау, заңсыз қоқыс төгудің алдын алу және тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру. Сондай-ақ демалушылармен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл бастама – Қонаев қаласының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Экологиялық бақылауға еріктілер мен табиғат жанашырларын да тарту жоспарланған.
Қазыбек Дәуітәлиев, Алматы облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Азаматтар тарапынан да мәдениет қажет: қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды. Мысалы, белгіленген межеден асып кеткен жағдайда айыппұл салынады. Жалпы суда жүзу ережесін, заңда көрсетілген тәртіпті сақтау керек, бұл жағынан да кемшіліктер бар.
Жазира Оразқызы
