Франция Газа секторына әуеден 40 тонна гуманитарлық көмек тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция Газа секторына әуеден 40 тонна гуманитарлық көмек тастады

01.08.2025

Франция ашаршылыққа ұшыраған Газа секторы халқына әуеден 40 тонна гуманитарлық көмек тастады. Израильден бұл аймақты блокададан босатуды талап етті. Франция президенті Эммануэль Макрон әлеуметтік желіде «Көмекті әуеден тастау жеткіліксіз, аштық қаупін жою үшін Израиль гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдетуі тиіс» деп жазды. Бұған дейін Иордания, БАӘ, Испания тәрізді елдер палестиналық анклав тұрғындарына ұшақтармен тонналап көмек жеткізді. Ал Израиль халықаралық қысымға байланысты жексенбіден бастап Газа секторының адам көп тұратын үш ауданына көмек жеткізу үшін күн сайын 10 сағаттық гуманитарлық үзіліс жариялауға келісті. Алайда, көмек қалай таратылатыны белгісіз. БҰҰ: «Газа секторындағы ашаршылықты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ондағы ахуал өткен ғасырда Эфиопия мен Нигерияда болған апатты еске түсіреді»,-деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу