«Таза Қазақстан»: Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылы қоқыстан тазартылды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылы қоқыстан тазартылды. Игі іске 150-ге жуық адам ат салысты. Экобелсенділер 4 гектар аумақтан 3 тоннаға жуық қоқыс жинап, жаяу жүргіншілер жолын тазалады. Жасыл-желекке күтім жасады. Айта кетейік, өңірде тазалық жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Биылдың өзінде Алматы облысында 240 мың адам 7 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жинап, 77 мыңға жуық көшет отырғызды. 55 саябақ, 900-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш пен мыңға жуық әлеуметтік нысан тазартылды.
Алмасбек Сатыбаев, Іле аудандық мәслихатының депутаты:
Бұл акция әр апта сайын бізде өтіп отырады. Өйткені, ауданымыз үлкен. Жер, ел өзіміздікі, тазалық әр бір отбасынан басталса, бұл біздің болашақ ұрпақтарымызға, бала-шағамызға үлгі болады деген ойдамын.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15