«Әр аптада – бір кітап»: Өзбекстандағы қазақ жастары Абай рухын дәріптеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әр аптада – бір кітап»: Өзбекстандағы қазақ жастары Абай рухын дәріптеуде

01.08.2025

«Әр аптада - бір кітап». Өзбекстандағы қазақ жастары осындай ерекше бастаманы қолға алды. Бұл жоба Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отыр.

Аяжан Кәрімбердиева, Ташкент қаласының тұрғыны:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім,
Ер жеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім
Адамның бір қызығы бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім...

Абайдың шығармаларына терең бойлап, өлеңдерін жатқа оқитын буын қалыптасып келеді. Жобаның мақсаты да осы - жастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларды кітап оқуға ынталандыру. Шығармашылыққа жақын әрбір жас бір аптада қазақ ақын-жазушыларының бір кітабын оқып шығады. Құнды қазынадан қандай нәр алғанын айтып, әсерімен бөліседі. Ерекше акцияны Ташкенттегі педагогика институты жанынан құрылған Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл және әдебиет үйірмесі қолға алған.

Бердібек Юсупов, оқытушы, жоба ұйымдастырушысы:

Сыйлық ретінде ең құнды қазына кітап сыйлап отырамыз. Ол кітап мысалы үшін Абайдың қара сөздерін, яки болмаса, ең жақсы оқыған жастарымызға «Абай жолы» роман эпопеясын сыйға тартып отырамыз.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу