Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Жанқош Тұраров ұзақ уақыт үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралмақ. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды: «Жекпе-жекке дайындалып жатырмыз. 5 қыркүйекте Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Бұл айқастың жауапкершілік жүгі де ауыр, күтіңіздер», - деген. Сондай-ақ бұл бокс кешінде әйелдерден Балауса Мұздыман да жұдырықтасады деп жоспарланған. Олардың қарсыластары кім екені әзірге белгісіз. Айта кетейік, соңғы рет Жанқош Тұраров 2023 жылдың қазан айында шаршы алаңға шыққан. Ол кезде жапондық Аки Хиро Кондоны төрешілер шешімімен жеңіп, чемпиондық атағын қорғаған. Осыдан кейін боксшы 1 жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізбегендіктен, спортшының IBO белдігінен айырылуы мүмкін деген ақпарат тараған. Себебі, ережеге сәйкес IBO чемпионы жылына кемінде бір рет титулын қорғауы қажет.
Асылбек Данияр
