Нью-Йоркте қазақстандық әнші Carnegie Hall концерт залында өнер көрсетті
Нью-Йорктегі атақты Carnegie Hall концерт залында қазақстандық әнші Гүлзар Ғабдрахман өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар дарын иесін салтанатты шараның қонағы ретінде арнайы шақырған.
Гүлзар Ғабдрахман қазақтың халық әні «Әгугайды» және Игілік Омаровтың «Ақерке» туындысын орындап, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Айта кетейік, Гүлзар Ғабдрахман – Лондонда өткен «Альбион жұлдыздары-2019» халықаралық өнер байқауының жеңімпазы. Сондай-ақ Viva Music Carnegie Hall байқауына шақырту алып, сол ән бәйгесінде бас жүлдені еншілеген тұңғыш қазақстандық әнші. Ол 2022 жылы «Дударай» әнін әуелетіп, көрермен мен қазылар тарапынан жоғары бағаға ие болған еді.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Dota 2 бойынша жарыс өтіп жатыр
03.08.2026, 17:15
Аулаларда заңсыз орнатылған кедергілерді алып тастау бойынша рейд өтті
03.08.2026, 17:14
Алматы облысында жасөспірімдер қауіпсіздігі күшейтілді
03.08.2026, 17:11
Шымкентте тыйым салынған жерде шомылғандар жазаланды
03.08.2026, 17:11
Youth Eco Camp Turaqty Jol: үздік экожобалар анықталды
03.08.2026, 17:08
Ел жаңалықтарына шолу
03.08.2026, 17:07
Сайлау бюллетенінің үлгісі жарияланды
03.08.2026, 17:06
Премьер-министр ExxonMobil Upstream компаниясының президентімен кездесті
03.08.2026, 17:06