Астанада «Абай жыры – мәңгілік мұра» атты кеш өтті
Елордада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай жыры – мәңгілік мұра» атты поэзиялық-музыкалық кеш өтті. Шараға қала зейнеткерлері қатысып, ақын өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Шараның мақсаты – ақын шығармаларын насихаттау. Белсенділік танытқан қатысушылар «Үздік көркем оқу», «Мәнерлі жеткізе білгені үшін», «Абай жырына деген махаббат», «Әсерлі сөз шебері», «Абай әнін жүрекпен жеткізгені үшін» және «Үздік вокалдық шеберлік» атты номинациялармен марапатталды. Солардың бірі – «Абай мұрасын насихаттаушы үздік өнерпаз» атанған Сырғақүл Дүтпаева.
Сырғакүл Дүтпаева, қатысушы:
Мен жас кезімде әртіс болуды аңсаған едім. Өмірдің толқындарымен ол арманыма жете алмадым. Енді зейнетке шыққан соң осы Сарыарқа ауданындағы және басқа да аудандардағы қызмет алушыларды көріп, мен де қатысайын деп ұйғардым. Есіл ауданында оркестрге қатысамын. Кеше ғана Ташкентке барып, халықаралық байқауға қатысып, Гран-при алып келдік.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27