Мәжіліс төрағасы Женевадағы жаһандық конференцияға қатысты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Женевада өткен Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Дебатта сөз сөйлеп, жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау жолындағы парламентаралық ынтымақтың маңызын атап өтті. Қазақстан Президентінің әділеттілік, теңдік және заң үстемдігіне негізделген реформаларына тоқталды. Сонымен қатар ядролық қаруды таратпау және климаттың өзгеруіне байланысты бастамаларды қолдауға шақырды. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Қытай, Вьетнам, Швеция, Моңғолия, Сингапур және басқа да елдердің Парламент спикерлерімен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылады.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Парламент ретінде бізге әділеттілік теңдік және инклюзивтік принциптерін ілгерілету ісінде жауапкершілік жүктелген. Бұл ретте Қазақстан Парламенті ел Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан заң үстемдігі – барлығы және әркім үшін тең мүмкіндіктер құру» бастамасын іске асыруға белсенді қатысуда. Әлеуметтік әділеттілік қағидатын іске асыратын бірқатар заң қабылданды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27