Президент Режеп Тайип Ердоғанға хат жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Режеп Тайип Ердоғанға хат жолдады

30.07.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады. Мемлекет басшысының пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтың-бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады, - делінген хатта. Айта кетейік, кеше ғана Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапармен барған еді. Нәтижесінде үкіметаралық және ведомствоаралық 18 құжатқа қол қойылды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу