Сенат Төрағасы Алатау қаласының даму жоспарымен танысты
Алатау қаласы - бүкіл елдің дамуына тың серпін беретін перспективасы зор бастамалардың бірі. Шаһардың бас жоспарымен танысқан Сенат Төрағасы осылай деді.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл Алматы агломерациясына да оң ықпал етеді. Шаһарда мәдениет және туризм орталығы, білім және медицина аймағы, іскерлік және қаржы орталығы, сондай-ақ, индустриялық-логистикалық аудан сияқты төрт салалық кластерді қамтитын арнайы экономикалық аймақ құрылған. Ал жоспарға сәйкес, мұнда 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып, 2050 жылға қарай жаңа қаланың тұрғындары 2 миллионға жетуі мүмкін. Алатау қаласы былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылғанын айта кетейік.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27