Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді

30.07.2025

Қазақстан жуырда тағы бір, ірі халықаралық спорттық доданы қабылдайды. Астанада 14-16 тамыз аралығында таеквондодан Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі өтеді. Жарыс үш жас санаты бойынша ұйымдастырылады. Нақтырақ айтқанда, жасөспірімдер, жастар және ересектертер қамтылады. Қазірге дейін, байрақты додаға 22 елдің 750 спортшысы қатысатынын растаған. Олардың арасында Олимпиада чемпиондары мен әлемдік таеквондо жұлдыздары бар. Жарыс жаңартылған халықаралық ережелерге сай өткізіледі. Қазақстанда алғаш рет спортшылардың соққыларын дәл әрі әділ тіркеуге арналған KPNP компаниясы ұсынған жаңа электронды қолғаптар қолданылады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгеге жуық. Айта кетейік, таекондодан мұндай халықаралық жарыс елімізде соңғы рет 8 жыл бұрын өткен. Қазақстан таеквондо федерациясы осы бәсекеден соң, 2027 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге ресми өтінім бермек.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу