Астанада пара үстел теннисінен халықаралық жарыс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада пара үстел теннисінен халықаралық жарыс басталды

30.07.2025

Астанада пара үстел теннисінен халықаралық жарыс басталды. Бұл дода – Әлем чемпионатына іріктеу турнирі болып есептеледі. Сондай-ақ, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарының рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Байрақты бәсеке 30 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді. Додаға 14 елден келген 140 спортшы қатысып жатыр. Бұл сында ел намысын 39 отандасымыз қорғайды. Олардың арасында Париж Паралимпиадасында тұңғыш рет бақ сынаған Әли Мақұлбеков пен халықаралық турнирлердің жүлдегері бар. Еліміз бұл турнирді екінші жыл қатарынан қабылдап жатыр.

Мария Ципу, Халықаралық пара үстел теннисі федерациясының жарыс менеджері:

Жыл бойы пара үстел теннисінен әр түрлі деңгейде турнир өтеді. Біздің федерациясының басты ұстанымы – жарыс өткізуге ниет білдірген елдерде осындай бәсекелерді ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Жалпы, Қазақстандағы додаға 14 елдің өкілдері келді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ұйымдастыру жағы өте жоғары деңгейде екенін көріп жатырмыз. Мұнда жұмыс істеп жатқан мамандар барын салып жатыр. Сол себепті, бұл турнир сәтті өтетініне сенімдімін. 

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу