Грузияда қазақстандық семсерлесушілер қола медальға таласады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияда қазақстандық семсерлесушілер қола медальға таласады

30.07.2025

Қазақстандық семсерлесушілер тарихи нәтижеге қолжеткізу алдында тұр. Отандастарымыз Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Әлем чемпионатында командалық жарыстың сапы түрі бойынша қола медальға таласады. Әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Ұлттық құрама жартылай финалда рейтинг көшбасшысы, Олимпиада ойындарының чемпионы әрі күміс жүлдегері, Әлем біріншілігінің қола медалін еншілеген Жапония құрамасына есе жіберді. 8 раунд бойы басымдыққа ие болған Қазақстан командасы, шешуші айналымда тең түсіп қалды. Қосымша уақытта жапон жігіттері жылдамдық танытып финалға жолдама алды. Айта кетейік, дәл осындай нәтиже соңғы Азия ойындарының финалында тіркелген еді. Қазір Ұлттық құрама үшінші орынды Франция командасымен сарапқа салып жатыр. Ел намысын: Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов қорғауда.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу