Атырауда ТШО мен NCOC компанияларына 4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды
NCOC компаниясы мемлекетке 3,6 млрд теңге көлемінде айыппұл төледі. Атырау облысының прокуратурасы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін кәсіпорынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тексеру барысында шикі газды экологиялық рұқсатсыз шамадан тыс жағу фактілері анықталған. Сондай-ақ ТШО компаниясы да экологиялық талаптарды бұзғаны үшін қомақты айыппұл арқалады. Тексеріс нәтижесінде мұнай компаниясының екі жыл қатарынан ауаға 50 тоннадай ластаушы зат шығарғаны әшкере болды. Бұған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Шешім заңды күшіне енді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15