Алматыда жүзге жуық ата-ана оқу орталығына шағымданды
Алматыда жүзге жуық ата-ана оқу орталығына шағымданды. Олар білім беру ұйымына 600 мың мен 2 миллион теңге арасында қаржы төлеген. Әу баста компания оқушыларды еліміздегі белгілі, ең таңдаулы деген дарынды балаларға арналған мектептерге түсуге дайындаймыз деп сендірген. Алайда ата-аналар сабақ кестесінің бұзылуы, оқу процесінің тұрақсыздығы, оқушының білім сапасының нашарлауына әсер етті деп наразы.
Нұржан Ғанимұрат, оқушының әкесі:
Оқу орталығынан ақшаларымызды қайтара алмай жатырмыз. Себебі, мүлдем сапасы жоқ. Сабаққа барғаннан баламның кейін көңілі қалды.
Әлпеш Ахметова, оқушының анасы:
Біз екі-үш сабаққа бардық. Балалардың айтуынша, олар тақырыпты түсіндірмейді. Мұғалімдер телефонға қарап отырады деді. Сабақ берудің сапасы ұнамаса, ақшаларымызды қайтарып береміз деп бірнеше рет айттық.
Қазір оқу орталығының есігі құлыптаулы. Ата-аналар компания басшылығынан құйған қаржыны қайтарып беруді талап етіп, бірлесіп полицияға шағымданды. Полиция тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15