Әкімдер жаңа тәсілмен бағаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдер жаңа тәсілмен бағаланады

29.07.2025

Келер жылдан бастап елімізде қала және аудан әкімдерінің жұмысы жаңа талаппен бағаланады. Енді олардың халықты жұмыспен қамту бағытындағы атқарғаны арнайы тиімділік көрсеткіштері, яғни KPI арқылы сарапталады. Бүгін Үкімет отырысында осындай шешім қабылданды. Жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов облыстардың әкімдіктері мен тиісті министрліктерге халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы шараларды ширатуды тапсырды. Сондай-ақ, алда іске асырылатын жобаларды мемлекеттік бағдарламалармен және жұмыс орындарын құру шараларымен үйлестіру үшін 1 қыркүйекке дейін Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ақпараттық базасына енгізуі тиіс, деді. Бүгінде еліміздегі еңбекке жарамды халықтың 4,6%-ы жұмыссыздар. Ал, жалдамалы жұмысшылар саны 7 миллион 100 мың адам. 2 миллионнан астам азамат өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

Елімізде ашылатын жұмыс орындарының бір бөлігі уақытша жұмыспен байланысты. Мұндай тәсілдің тиімділігі төмен. Сондықтан қолданыстағы жоспарларда тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту керек. Әсіресе жас мамандарды жұмыспен қамтуға баса назар аудару керек.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу