Қатарынан екі турнирде чемпион атанған Александр Бубликтің әлемдік рейтингтегі орны жақсара түсті. Отандасымыз қазір ATP рейтингінде 24-орында тұр. Ол бұған дейін үздік отыздықтың қатарынада болатын. Айта кетейік, Бублик өткен аптада Аустрияда өткен ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанған болатын. Ол финалда француз теннисшісі Артюр Казодан 6:4, 6:3 есебімен басым түскен еді.
Канада ашық чемпионаты: ел намысын екі теннисші қорғайды.
Бұдан бөлек, осы аптада әйелдер арасында Монреаль турнирінің негізгі кезеңі басталды. WTA 1000 сериясындағы бұл жарыста Қазақстан атынан екі теннисші қатысады. Олар: Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева. Жарыстың 9-ракеткасы болып тіркелген Елена доданы екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы – АҚШ өкілі Хейли БапТист. Тағы бір отандасымыз - Юлия Путинцева алғашқы айналымда қытайлық Ханьюй Гомен шеберлік байқасады. Жарыстың жүлде қоры 5 миллион доллардан асады.
Асылбек Данияр
