Таиланд пен Камбоджа атысты тоқтатуға келісті
Малайзияда өткен келіссөзде Таиланд пен Камбоджа үкімет басшылары атысты тоқтатуға келісті. Шартсыз бітім бүгін түннен бастап күшіне енбек. Жиын Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагимнің резиденциясында өткен. Тараптар бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған шарттарын ұсынды. АҚШ пен Қытай өкілдері келіссөзде бақылаушы ретінде қатысқан. Таиланд пен Камбоджа 6 күн атысты. Тараптар қақтығысты алғаш боп бастады деп бірін-бірі айыптаған. Атыстан 35 адам қаза тапты. Екі жақтан 260 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58