Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан Үлкен Дулыға турнирі басталды. Бүгін балуандарымыз 2 келі де сынға түсті. Әйелдерден 52 келіде күрескен Толғанай Әбеуова ширек финалда жеңілді. Отандасымыздың жұбаныш белдесуінде де жолы болмады. Ерлерден 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Нұрәділ Әлжан мен Талғат Орынбасаров алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Бірі – тәжік балуанына жол берсе, екіншісі – жарыс қожайыны моңғол спортшысынан жеңілді. 66 келідегі Ержан Еренқайыпов та бірінші айналымда сүрінді. Дәл осы салмақтағы Бауыржан Нарбаев алғашқы кездесуінде Өзбекстан өкілін жықса, 1/8 финалда мажарстандық дзюдошы жарысқа қатыспауына байланысты, ширек финалға еш қиындықсыз өтті. Ал жартылай финалдың жолдамасы сарапқа салынған белдесуде Әзірбайжан балуанынан басым түсті. Финал үшін болған күресте молдовалыққа жол берді. Қола медаль медаль сарапқа салынға сында Моңғолия өкілінен жеңілді.
Асылбек Данияр
