Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoQalaFest» фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoQalaFest» фестивалі өтіп жатыр

25.07.2025

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoQalaFest» фестивалі өтіп жатыр. Іс-шарада еріктілер арнайы көлікпен тұрғын үйлерді аралап, халықты тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырды. 100-ге жуық адам жиналып, жарты тонна қоқыс жинады. Мұндай креативті тәсілдер тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоғамға пайдалы бастамаларға үндеп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады дейді ұйымдастырушылар.

 Әзиз Қажденбек, қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы:

Жаңа бастама осы жазғы айларда өтіп жүрген. Жастарымызды, тұрғындарымызды қаланы таза ұстауға баулу. Эко мәдениетті дамыту болып саналады. Ең басты мақсатысол жердің тұрғындарын бірігіп ғана емес, акциялар аясында өздерінің тұрып жатқан ортасын таза ұстауға шақыру.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу