Макрон: Франция қыркүйекте Палестина мемлекетін мойындайды
Франция қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йорктегі сессиясында Палестина мемлекетін мойындайды. Франция президенті Эммануэль Макрон осылай деп мәлімдеді. Макрон Х әлеуметтік желісінде Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббасқа жолдаған ресми хатын да қоса тіркеді және мұндай шешім Таяу Шығыстағы қақтығысты бейбіт түрде реттеуге көмектеседі деп жазған. Палестина автономиясының ресми тұлғалары Макронның шешімін жылы қабылдады. Ал Израиль премьері Биньямин Нетаньяху бұны қатаң сынға алды. Бүгінде БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің 140-тан астамы Палестинаны тәуелсіз ел ретінде мойындаған. Олардың арасында ЕуроОдақтың бірнеше мемлекеті, Ресей, Қытай бар. Бұл тізімде АҚШ пен Британия жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12