WTA 500: Е. Рыбакина ширек финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WTA 500: Е. Рыбакина ширек финалға жолдама алды

24.07.2025

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 500 турнирінің жекелей сынында ширек финалға жолдама алды.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз екінші айналымда әлемдік рейтингте 88-орында тұрған канадалық, 18 жастағы Виктория Мбоконы жеңді. Матч 6:3, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. Кезекті қарсылас — Польша өкілі Магдалена Френх немесе кортқа жуырда қайта оралған 45 жастағы атақты америкалық Винус Уильямс болуы мүмкін.

ATP 250: Қазақстандық теннисшілер ширек финалда кездеседі

Ал Аустрияда өтіп жатқан ATP 250 турнирінде қос қазақстандық теннисші ширек финалға жолдама алды. Александр Бублик пен Александр Шевченко өзара жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Бублик екінші айналымда аргентиналық Тьяго Агустин Тирантені жеңсе, Шевченко мажарстандық спортшыдан айласын асырды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу